"Барыстың" келесі қарсыласы төртінші ойынында жеңілді

©"Металлург" ХК

Магнитогорскінің "Металлург" командасы ҚХЛ-дегі төртінші ойынында қатарынан жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бүгін, 9 қараша күні "Барыстың" келесі қарсыласы өз айдынында "Авангард" командасынан 2:3 есебімен жеңілді. Бұған дейін аталған команда "Динамо" (1.4), "Локомотив" (1.4) және СКА (3:4) командаларына есе жіберген еді. 

Енді 11 қараша күні "Металлург" өз айдынында "Барыс" командасын қабылдайды. Қазіргі уақытта Магнитогорскінің командасында 37 ұпай бар. Шығыс конференциясында екінші сатыда. Ал "Барыс" 25 ұпай жинап, Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport