"Барыстың" келесі қарсыласы ресейлік команданы оңдырмады

©"Куньлунь" ХК

ҚХЛ-де өнер көрсететін бейжіңдік "Куньлунь" қазақстандық "Барыспен" матч алдында "Авангардты" сырт айдында ойсырайта ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Омбыда өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Қытайлық команда сапында Брэндон Ип, Девин Броссо, Паркер Фу және Итан Верек гол салды.

11 қазанда "Барыс" Астанада "Куньлуньмен" ойнайды. Кейінгі матчте Андрей Скабелка жаттықтыратын команда "Ак Барсты" ұтқан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport