"Барыстың" қатысуымен өтетін ҚХЛ маусымы қашан басталатыны белгілі болды

©Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасы мен Ресей хоккей федерациясы 2022/23 жылғы ҚХЛ маусымының қашан басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы ҚХЛ сайты жариялады.

Жаңа маусым 2022 жылдың 1 қыркүйегінде басталады. 15-рет өткелі жатқан дәстүрлі турнирдің ашылуы аясында Гагарин Кубогінің соңғы чемпионы ЦСКА мен өткен жылдың финалисі "Металлург" командалары арасында өтеді.

"Барыс" клубы әдеттегідей Шығыс Конференциясында өнер көрсетеді. Жуырда елордалықтардың тізгінін ұстап келген Юрий Михайлистің орнын беларуссиялық бапкер Андрей Скабелка басты. Еске салайық, Скабелка 2018-2020 жылдары "Барыс" командасының бас бапкері міндетін атқарған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport