"Барыстың" карантиннен кейінгі сырт мұзайдындағы алғашқы матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Барыс" ХК
Бүгін, 7 қазанда "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында сырт мұзайдында карантиннен кейінгі алғашқы матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Юрий Михайлис жаттықтыратын команда Екатеринбургте жергілікті "Автомобилистпен" ойнайды. Матчтің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 20:00.

Кездесуді тікелей эфирде Qazsport және ҚХЛ-ТВ арналары көрсетеді. Трансляцияны мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз.

Жеті ойыннан кейін "Барыс" 12 ұпаймен Шығыс конференциясында 12 орында. "Автомбилист" (12 матчте 18 балл) төртінші.