"Барыстың" капитаны Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасында мерейлі кездесуін өткізді

©"Барыс" ХК

"Барыс" командасының капитаны Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасында мерейлік кездесуін өткізді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Питерлік СКА командасына қарсы кездесу қорғаушы үшін ҚХЛ-дағы 250 ойыны болды. Айта кетейік, Диц өз карьерасында ҚХЛ-да тек "Барыстың" сапында ғана өнер көрсеткен. 

"ҚХЛ-дағы 250 кездесу. Құттықтаймыз капитан", - деп жазды клуб әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, "Барыс" соңғы кездесуінде СКА ұжымын 3:0 есебімен жеңді. Диц бұл ойында бір нәтижелі пас берді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: