"Барыс" командасының капитаны Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасында мерейлік кездесуін өткізді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Питерлік СКА командасына қарсы кездесу қорғаушы үшін ҚХЛ-дағы 250 ойыны болды. Айта кетейік, Диц өз карьерасында ҚХЛ-да тек "Барыстың" сапында ғана өнер көрсеткен.
"ҚХЛ-дағы 250 кездесу. Құттықтаймыз капитан", - деп жазды клуб әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, "Барыс" соңғы кездесуінде СКА ұжымын 3:0 есебімен жеңді. Диц бұл ойында бір нәтижелі пас берді.