Хоккей
8 қараша 2022 23:46

"Барыстың" жас хоккейшісі ҚХЛ матчінің жұлдызына айналды

©"Барыс" ХК

"Барыстың" хоккейшісі Дінмұхамед Қайыржан ҚХЛ-дегі "Витязь" командасына қарсы кездесуде бір жұлдызға ие болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Астана қаласында өткен бұл ойында "Барыс" 2:3 есебімен ұтылып қалды. Ал 19 жастағы Қайыржан елордалық команданың екінші шайбасын соқты. 

"Жақсы ашылып, екі шайба соғатын мүмкіндіктің біреуін сәтті пайдаланды", - деп жазады Қайыржан туралы ҚХЛ ресми сайты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport