"Барыстың" хоккейшілер жалақысына бөлетін бюджеті анықталды. Оның бестен бір бөлігін Диц алады

©"Барыс" ХК

Sport24 порталына елордалық "Барыс" өнер көрсететін Құрлықтық хоккей лигасындағы барлық 24 командадағы хоккейшілердің айлығына бөлінетін бюджеті белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Порталдың мәліметі бойынша, "Барыс" хоккейшілерінің жалақысы 480 миллион рубль (2,9 миллиард теңге) екен. Бұл жерде қосымша берілетін сыйақылар есепке алынбаған. 

"Барыс" сапында лиганың ең жоғары жалақысын алатын ойыншылардың бірі Даррен Диц өнер көрсетсе де, қазақстандық команданың жалақыға бөлінетін бюджеті 500 миллионға жетпейді. Бюджеттің бестен бір бөлігі канадалық ойыншының жалақысы", - деп жазады дереккөз. 

Еске салайық, бұған дейін "Барыстың" капитаны Даррен Дицтің жалақысы 100 миллион рубль екені белгілі болған. 

Ал "Салават Юлаев" пен "Авангард" командалары болса хоккейшілердің жалақысына 900 миллион рубль бөледі екен. 

Жалақыға ең аз бюджет бөлген "Адмирал" командасы. Шығыс конференциясында өнер көрсететін бұл ұжым еңбекақыға 280 миллион береді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: