"Барыстың" экс шабуылшысы ресейлік Лиганы дүркіретуде

©"Югра" ХК

"Югра" командасының қазақстандық шабуылшысы Евгений Рымарев Ресейдің Жоғары хоккей лигасында сұрмергендер сайысында көш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барыстың" бұрынғы шабуылшысы плей-офф кезеңдегі төртінші матчте "Горняк" қақпасына гол салып, 14 (4+10) ұпай жинады. Бұл көрмсеткіш бойынша ол командаласы Артем Антиповпен (9+5) бірінші және екінші орынды бөлісіп отыр.

Рымарев үшін бұл жетістік жеке рекорд болып келеді. Мұның алдында ол "Югра" мен өскемендік "Торпедо" сапында ЖХЛ плей-оффында тек 13 ұпай жинаған. 

Айта кетейік, Рымарев "Барыс" сапында ҚХЛ-де жеті маусым өткізген. Ол 207 матчте 44 (17+27) балл жинаған. Форвард Қазақстан құрамасында да өнер көрсеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport