ҰХЛ-де өнер көрсететін "Оттава Сенаторз" қорғаушысы Диллон Хетерингтон тұрақты чемпионат матчінде "Филадельфия Флайерз" шабуылшысымен төбелесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Төбелес ойынның 31-минутында болды. Осыған байланысты екі хоккейші де бес минутқа айдыннан қуылды. Матчтің өзі "Флайерз" пайдасына 4:3 есебімен аяқталды.
26 жастағы канадалық хоккейші "Барыс" сапында ойнаған. ҚХЛ-де ол 41 матчке қатысып, 7 (2+5) ұпай жинаған болатын.