"Барыстың" екінші ойыны кейінге шегерілді

©hcbarys

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) өзінің ресми сайтында "Витязь" бен "Барыс" кездесуін кейінге шегергені жайлы хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"12 қаңтар күні "Витязьдың" төрт ойыншысы мен төрт қызметкерінен ПЦР тестінің нәтижесі бойынша коронавирус белгілері байқалған. Осыған байланысты ҚХЛ-да аты жаман аурудың тарауына жол бермеу мақсатында аталмыш матч кейінге шегерілді. Ойынның қашан өтетіні жайлы ақпарат кейінірек шығады", - деп жазылған сайтта.

Осыған дейін Нижний Новгород қаласында өтуі керек болған "Торпедо" мен "Барыс" арасындағы матч та кейінге шегерілген болатын.

Еске салайық, "Витязь" бен "Барыс" кездесуі 13 қаңтарда өтуі тиіс еді. Батыс конференциясында ресейлік клуб 43 ұпаймен 10-орында болса, "Барыс" Шығыс конференциясында 48 ұпаймен 8-орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: