"Барыстың" екінші. ҚХЛ-дің жаңа маусымына болжам жасалды

©hcbarys.kz

"АренаБреда" телеграм-арнасы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымына болжам жасады. Осылайша, мәлімет көзі маусым алдында астаналық "Барысты" Шығыс конференциясында екінші орынға қойып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Маусым алды ойындар бітті. Командалар ойынын көрдік, енді өз болжамымызды ұсынып отырмыз", - деп жазады мәлімет көзі.

"Батыс"

1. СКА
2. "Локомотив"
3. ЦСКА
4. "Динамо" Минск
5. "Динамо" Мәскеу
6. "Сочи"
7. "Витязь"
8. "Куньлунь"
9. "Северсталь"
10. "Спартак"
11. "Торпедо"

 
"Шығыс"

1. "Авангард"
2. "Барыс"
3 "Ак Барс"
4. "Металлург"
5. "Салават Юлаев"
6. "Трактор"
7. "Автомобилист"
8. "Амур"
9. "Сибирь"
10. "Нефтехимик"
11. "Адмирал"

Еске салайық, өткен маусымда ҚХЛ тұрақты матчінде "Барыс" Шығыс конференциясында екінші орын алды. Ал плей-офф кезеңінің бірінші раундында төрт жеңіске дейінгі серияда "Металлургтен" ұтылды (1-4). 

2022/23 маусымын астаналық команда сырт айдында минскілік "Динамо" (3 қыркүйек), СКА (5 қыркүйек), "Витязь" (7 қыркүйек) және "Сочи" (9 қыркүйек) командаларына қарсы бастайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport