"Барыстың" бұрынғы ойыншысы карьерасын аяқтап бапкер болды

Сурет: "Барыс" ХК

Қазақстандық "Барыстың" бұрынғы қорғаушысы Кэм Баркер ойыншы карьерасын аяқтады, деп хабарлайды "Чемпионат".

Хоккейші Канаданың жасөспірімдер лигасындағы "Пентиктон Вис" клубының бапкерлер штабына кірді

Өткен маусымда 35 жастағы Баркер Франция чемпионатында "Руан" сапында ойнаған.

Құрлықтық хоккей лигасында ол "Барыс" пен "Слован" сапында өнер көрсеткен. Баркер жалпы 191 матчке қатысып, 19 шайба салды және 68 нәтижелі пас берді, жалпылай жинаған ұпайы 87.

Ұлттық хоккей лигасында "Чикаго Блэкхоукс", "Миннесота Уайлд", "Ванкувер Кэнакс" және "Эдмонтон Ойлерз" сияқты командалар үшін 310 матч өткізіп, 21 шайба салды және 75 нәтижелі пас берген.