"Барыстың" бұрынғы капитаны АҚШ-тың бір қаласына әкім болмақ

© "Барыс" ФК
"Барыс" пен Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Брэндон Боченски Гранд-Форкс қаласындағы әкім сайлауына қатысып жатыр.

Бұл Солтүстік Дакота штатының адам саны бойынша үшінші қаласы. Гранд-Форкс округінің оталығы. Тұрғын саны 50 мыңнан астам. 

"Гранд-Фокс қаласына жаңа өмір мен қуат самалын әкелетін уақыт келді. Гранд-Форксты сүйемін және қоғамға қызмет еткім келеді", - деп жазыпты хоккейші өзінің Instagram желісінде. 



Хоккейші бұл қалаға карьерасын 2019 жылы аяқтаған соң көшіп келіп, Berkshire Hathaway Homeservices Inc. компаниясында жұмыс істей бастады.