"Барыстың" бұрынғы екі хоккейшісі Стэнли кубогін жеңіп алды

Виктор Хедман. Сурет: nhl.com©

"Барыс" хоккей командасының бұрынғы ойыншылары Виктор Хедман мен Райан Макдона екінші рет Стэнли кубогін жеңіп алды, деп жазады "Шайба.kz" порталы. 

Екі хоккейші де елордалық команда сапында 2012 жылы өнер көрсетті. Хедман 26 кездесуге қатысып 22 (1+21) ұпай жинаса, Макдона он ойында үш нәтижелі пас берді. 

Бұл екеуі өнер көрсететін "Тампа-Бэй Лайтнинг" Стэнли кубогінің финалында "Монреаль Канадиенс" командасын жеңді. Сериядағы есеп 4-1 болды. Еске салайық, өткен маусымда "Тампа" финалда "Даллас Старс" командасын жеңген болатын. 

Метки: