"Барыстың" биылғы соңғы матчіне тікелей трансляция

30 желтоқсан 2019 13:45
© "Барыс" ХК
Бүгін, 30 желтоқсанда астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы 2019 жылдың қорытынды матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын команда өз мұзайдынында "Куньлунь Ред Стар" клубын қабылдайды. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады. Трансляция арнаның сайтында да қолжетімді.

Қазіргі уақытта "Барыс" 41 матчте 53 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші келеді. Ал "Куньлунь" бесінші - 43 ойында 48 ұпай. 
Жаңалықтар