"Барыстың" биылғы маусымдағы бірінші ойыны жанкүйерлермен өтеді

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.
Латвия билігі ригалық "Динамо" командасының Құрлықтық хоккей лигасындағы ойындарына 1000 жанкүйерге дейін кіргізуге рұқсат берді,- деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Жаңа маусымда "Динамо" командасының бірінші қарсыласы қазақстандық "Барыс" болады. Ойын 3 қыркүйек күні өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. 

Ойынға окшауланған немесе үй жағдайындағы карантинде болған жанкүйерлер кіре алмайды. Жанкүйерлер аренада екі метрлік дистанцияны сақтаулары керек. Сонымен қатар маска тағу да міндеттелген. 

Қазіргі уақытта команда "Барыс" және финляндиялық "Йокерит" ұжымдарына қарсы кездесуге билет сатылып жатыр. Жалпы қыркүйек айында "Динамо" командасы өз алаңында жеті ойын өткізеді.






Метки: