Бүгін, 19 тамызда қазақстандық "Барыс" Беларусь құрамасымен бірінші жолдастық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Матч Минскіде өтеді, басталуы 18:00-де. Бұл ойынға "Барыс" сапынан Кирилл Савицкий мен Кристиан Томас медициналық себептермен қатыспайды.
Командалар арасындағы екінші кездесу 21 тамызға белгіленген.
Өткен аптада "Барыс" финалда "Сарыарқаны" ұтып, Қазақстан президентінің кубогін жеңіп алды.
Юрий Михайлис жаттықтыратын команда ҚХЛ-дің жаңа маусымын 3 қыркүйекте уфілік "Салават Юлаевқа" қарсы матчтен бастайды.