1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Хоккей
Бүгін 12:22
 

"Барыстың" 2025 жылдағы соңғы матчіне тікелей трансляция

  Пікірлер

blog.share

"Барыстың" 2025 жылдағы соңғы матчіне тікелей трансляция ©"Барыс" ХК

Бүгін, 30 желтоқсанда "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) тұрақты чемпионаты аясында 2025 жылғы соңғы матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Астаналық клубтың қарсыласы - омбылық "Авангард".

blog.share

Бүгін, 30 желтоқсанда "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) тұрақты чемпионаты аясында 2025 жылғы соңғы матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Астаналық клубтың қарсыласы - омбылық "Авангард".

"Авангард" - "Барыс" матчі Омскіде өтеді және Қазақстан уақытымен 18:30-да басталады. Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ, трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

Qazsport арнасындағы "Барыс" матчіне тікелей трансляция 

Биыл маусымда қарсыластар үш рет кездескен: алдымен Михаил Кравец шәкірттері 6:2 есебімен жеңіске жетсе, кейін "қаршығалар" екі матчте де басым түсті - 4:3 және 5:2.

Бұл матчке дейін "Барыс" қатарырна төрт рет ұтылып отыр, команда 41 ойыннан кейін 34 ұпай жинап, Шығыс конференциясы кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Ал қатарынан бес жеңіске жеткен "Авангард" 38 матчте 55 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!