"Барыстан" кеткен Фил Вароне өзіне жаңа команда тапты

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Елордалық "Барыс" хоккей клубының бұрынғы шабуылшысы Фил Вароне швейцариялық "Лозаннаға" ауысты, деп хабарлайды Swiss Hockey News басылымы.

Команда мен ойыншы арасындағы келісімшарт бір жылға жасалған. 30 жастағы хоккейші "Барыс" сапында 2020 жылдың қазанынан бастап ойнаған. Ол осы аралықта Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатында 46 матчқа қатысып 27 (10+17) ұпай жинаған.

Канадалық ойыншы биылғы маусымды "Уилкс-Барре/Скрэнтон Пингвинзде" клубында бастап, кейін "Лаваль Рокет" қатарына ауысты. АХЛ тұрақты чемпионатында 33 матқа қатысып еншісіне 19 (4+15) ұпай жинады және 8 минут айып уақытын өткізді.

Өз мансабында Вароне ҚХЛ-де 97 кездесу өткізді. Ол сегіз шайба мен нәтижелі пастың авторы атанды және 26 минут айып минутында болды. Хоккейші оның алдында "Баффало Сэйбрз", "Оттаву Сенаторз" және "Филадельфию Флайерз" командаларының намысын қорғаған.

Метки: