"Барыстан" бақ тайды. Елордалық клуб қатарынан төртінші ойында ұтылды
Елорданың "Барысы" Құрлықтық хоккей лигасында кезекті ойынын өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Елорданың "Барысы" Құрлықтық хоккей лигасында кезекті ойынын өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл жолы Мәскеу төрінде "Спартакпен" кездескен Юрий Михайлис жігіттері 2:5 есебімен оңбай ұтылды. Бір қызығы, бірінші кезеңде "Барыс" тарапынан Никита Михайлис пен Егор Петухов шайба салды. Бірақ үзілістен кейін шабуылда белсенді болған ресейлік клуб матч соңына дейін бес гол соқты. "Спартак" сапында Александр Хохлачев, Йори Лехтеря (2), Дмитрий Кугрышев пен Александр Никишиндер ерекшеленді.
Осылайша, "Барыс" хоккейшілері қатарынан төрт ойында жеңілістің кермек дәмін татып отыр. Нәтижесінде 24 ұпаймен Шығыс конференциясында оныншы орында келеді. Ал "Спартак" болса Батыс аймағында 32 баллмен сегізінші орынға көтерілді. Енді елордалықтар келесі кездесуін 20 қараша күні сырт айдында "Северсталь" командасына қарсы өткізеді.
Жарнама