Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) баспасөз қызметі 2025 жылдың 1 маусымынан бастап шектеусіз еркін агент мәртебесін алған хоккейшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лига мәліметінше, 31 мамыр күні астаналық "Барыс" клубының 23 ойыншысымен жасалған келісімшарттардың мерзімі аяқталған.
Олардың қатарында:
Әлішер Аманғалиев;
Майкл Веккьоне;
Эмиль Галимов;
Роман Двуреченский;
Данил Дронов;
Джохар Дударкиев;
Нұрислам Зияш;
Алдияр Қабдуәли;
Кәрім Қажыбеков;
Вячеслав Колесников;
Дәулет Қуат;
Иэн Маккошен;
Никита Мерзликин;
Мэйсон Морелли;
Александр Перкин;
Асанәлі Русланұлы;
Кирилл Савицкий;
Никита Ситников;
Роман Старченко;
Макс Уиллман;
Әмірхан Шегебаев;
Артем Шестаков;
Мстислав Шипилин.
Енді аталған хоккейшілер ҚХЛ-дің өзге клубтарымен еркін түрде келіссөз жүргізіп, мансабын "Барыс" жүйесінен тыс жалғастыра алады.
Айта кетейік, бұл тізімге Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченко да енді. Өткен маусымда тәжірибелі шабуылшы "Барыстың" фарм-клубы саналатын "Номад" командасына ауыстырылған болатын.
Еске салайық, өткен маусымда елордалық клуб ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында оныншы орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Жарнама