"Барыста" 11 жыл ойнаған Роман Савченко клубтан кетті

©Барыс ХК

"Барыс" қорғаушысы Роман Савченко клубтан кетті. Бұл туралы Metaratings.ru сайты мәлімдеді.

Хоккейші елордалық клубта 11 маусым ойнаған. Сондай-ақ, спорттық карьерасында "Сибирь" мен "Локомотив" командаларының намысын қорғады. Қазақстан құрамасының сапында бес жыл ішінде 29 матч өткізді.

Өткен маусымда 33 жастағы қорғаушы мұз айдынына 31 матчқа шықты. Жалпы "Барыс" сапында Савченко 525 ойында 142 (51+91) ұпай жинады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport