Бүгін, 20 наурыз күні елордалық "Барыс" ҚХЛ-дың 2025/26 жылғы тұрақты чемпионатындағы соңғы матчын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Сибирьге" қарсы кездесу Новосибирск қаласында өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 17:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы 17:30-дан бастап тамашалауға болады.
Елордалық клуб 67 матчта 53 ұпай жинап, Шығыс конференциясында оныншы, яғни соңғының алдындағы орында тұр. Турнир кестесінің соңында 67 ойыннан кейін 52 ұпайы бар "Адмирал" орналасқан.
Ал "Сибирь" 67 кездесуде 67 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді. Новосибирск клубы плей-офф кезеңіне жолдаманы алдын ала қамтамасыз еткен, ал "Барыс" бұл маусымда күресті жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.
Жарнама