"Барыс" Юрий Михайлисті отставкаға жіберуі мүмкін

©"Барыс" ХК

"Барыс" командасы Құрлықтық хоккей лигасында "Северсталь" командасынан ұтылса, Юрий Михайлис қызметінен кетуі ықтимал. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлайды. 

Бұл ойын бүгін, 20-қараша күні Череповец қаласында өтеді. 

Аталған матч алдында елордалық команда қатарынан төрт ойында  жеңіліп, 29 ойыннан кейін 24 ұпай жинап, Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұр. 

Соңғы ойындарда "Барыс" "Йокерит" (1:4), "Трактор" (4:5 ОТ), "Сочи" (2:5) мен "Спартак" (2:5) командаларынан жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: