"Барыс" үздік бомбардир және канадалық қақпашымен қош айтысады

Корбэн Найт. Сурет: "Барыс" ХК
"Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі қақпашы Эдди Паскуале мен шабуылшы Корбэн Найт командадан кетті деген ақпаратқа пікір білдірді. 

Бұл туралы кеше хоккейшілердің агенті Алеша Пилко мәлімдеген. Екі канадалықтың да "Барыспен" келісімшарты 30 сәуірде аяқталады.

"Паскуале мен Найт 30 сәуірге дейін "Барыс" ойыншысы. 1 мамырдан хоккейшілер еркін агент", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қақпашы Хенрик Карлссон, шабуылшылар Дастин Бойд, Линус Виделль, Никита Михайлис, қорғаушылар Максим Семенов пен Атте Охтомаа келісімшарты аяқталуға жақын екені айтылды.

Еске салайыдқ, канадалық ойыншылар "Барыс" сапына 2019 жылы қосылған.