Хоккей
30 сәуір 2020 17:55

"Барыс" ҰХЛ-де өнер көрсететін канадалық хоккейшіні сапына қоса алмады

Канадалық шабуылшы Шарль Юдон қазақстандық "Барыс" сапына қосылмайтын болды. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" журналисті Игорь Еронко мәлімдеді, - деп хабарлайды "Шайба.kz".


Юдонға Швейцария чемпионатындағы клубтардың бірі ұсыныс жасаған екен. Бұл туралы ақпаратты Swiss Hockey News басылымы бірнеше апта бұрын жариялаған. 

ҚХЛ-дің биылғы маусымында Юдон "Монреаль Канадиенс" үшін 15 матчте екі ұпай (1+1) жинады. Сонымен бірге, ол "Лаваль Рокет" сапында ойнап, АХЛ тұрақты чемпионатында 46 матчте 35 (27+8) балл жинаған.

"Барыс" 25 жастағы хоккейшіге жылына 400-500 мың доллар төлеуге әзір болған.