Хоккей
14 шілде 2021 16:56

"Барыс" ҰХЛ-да ойнаған канадалық шабуылшымен келісімшарт жасады

Сурет "Трактор" сайтынан алынды

Елордалық "Барыс" хоккей командасы канадалық шабуылшы Кристиан Томаспен келісімшарт жасады.

Біржақты келісімшарт бір маусымға, яғни 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды.

Торонто қаласының 29 жастағы тумасы ҰХЛ-де ойнаған. 2018 жылы шабуылшы Канада құрамасы сапында Оңтүстік Кореяда Олимпиада ойындарына қатысқан. Содан соң екі маусым бойында Кристиан ҚХЛ-да челябілік "Трактор" командасының намысын қорғаған.

Өткен маусымда ол финляндиялық "КооКоо" сапында ойнап, 32 ойында 23 (10+13) ұпай жинады.