"Барыс" түзде "Амурдан" айласын асыра алмады
Сурет "Барыс" клубының ресми сайтынан алынды.
Елордалық "Барыс" түзде "Амурмен" кездесіп, Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) қатарынан жетінші рет жеңілді, деп жазады Vesti.kz порталы.
Ойын бүгін, 9 қаңтар күні Хабаровск қаласында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.
Кездесудің бірінші кезеңі 0:0 есебімен аяқталған. Бірінші кезеңнің ең жарқын сәті деп "Амур" шабуылшысы Вячеслав Ушенин мен "Барыс" қорғаушысы Роман Савченко төбелескенін айтуға болады. Бұл тәртіпсіздігінен кейін екі хоккейші де бес минутқа жазаланды.
Тең нәтиже ойынның 31-минутына дейін тіркеліп тұрды. Ян Коларж сан басымдығын сәтті пайдаланып, "Амурды" алға шығарды. Таразы басын "Барыс" тек үшінші кезеңде теңестірді. 42 минутта Кевин Даллмэн сан басымдығып пайдаланып, бір шайба соқты.
Бірақ арада 20 секунд өткеннен кейін "Амур" тағы алға шықты. Бұл жолы Александр Гошков шайба соқты. Бұл шайбадан кейін "Барыс" бапкерлері бейнақайталауды алған еді. Ұзақ кеңестен кейін төрешілер шайбаны бәрібір есепке алды. Ал 44 минутта "Амур" шабуылшысы Георгий Бердюков үшінші шайбаны соғып, ойынның нүктесін қойды.
Бұл "Барыс" үшін 49 кездесудегі қатарынан 28 жеңілісі еді. Осы ойыннан кейін біздің команда 63 ұпаймен Шығыс конференциясында оныншы орында келсе, бізден тоғыз ұпайы көп "Амур" сегізінші орынға жайғасты.
Енді келесі кездесуін "Барыс" 11 қаңтар күні Владивостокта "Адмиралға" қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен 15:30-да басталады.

Жарнама