"Барыс" сыртта "Авангардтан" ұтылды

©"Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында "Авангардтан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Балашихада өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Бірінші шайбаны 33-минутта "Барыстың" бұрынғы ойыншысы Корбэн Найт салды. Жеті минуттан кейін Алексей Емелин есепті еселеді. 50-минутта Никита Михайлис қазақстандықтардың жалғыз шайбасын салды. 51-минутта Алексей Береглазов жеңімпаздар үшін үшінші голды салды, ал 59-минутта Александр Дергачев матч нүктесін қойды. 

Шығыс конференциясында алтыншы тұрған "Авангард" 18 ұпай жинады. Ал "Барыс" 14 баллмен сегізінші. 

Келесі ойынды "Барыс" 15 қазан Мытищиде қытайлық "Куньлуньмен" өткізеді. Матчтің басталуы 22:30.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: