"Барыс" сырт мұзайдында "Ак Барсты" ұтты

7 желтоқсан 2021 09:49
©"Барыс" ХК

"Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өткен сырт алаңдағы матчте жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазандағы кезедсуде қазақстандық клуб жергілікті "Ак Барсты" 2:1 есебімен ұтты.

Якоб Лиль 22-минутта Егор Шалаповтың пасын қақпаға сәтті бағыттап, есеп ашты.

Үшінші кезең ортасында Аркадий Шестаков есепті арттырды.

Ойын бітуге 1,5 минут қалғанда Дмитрий Воронков "Ак Барс" үшін бір шайба салып үлгерді.

Қатарынан екі жеңіске жеткен "Барыс" алдағы ойындарын өз мұзайдынында өткізеді: 9 желтоқсан "Сочи", 10 желтоқсан - "Куньлунь" және 12 желтоқсан "Нефтехимикпен".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар