Мәскеулік ЦСКА командасы Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) тұрақты маусымында астаналық «Барыс» командасын өз айдынында 1:0 есебімен әзер жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шешуші сәт үшінші кезеңде болдыБірінші екі кезең голсыз өтті, үшінші кезеңде де 19-шы минутқа дейін есеп ашылмады, матчқа қосымша уақыт қосылатын сияқты болды. Сол сәтте ЦСКА қорғаушысы Никита Охотюк кездесудің жалғыз шайбасын соғып, есеп ашты.
Бұл жеңіс арқасында ЦСКА 56 ұпай жинап, команда КХЛ-дың Батыс конференциясында алтыншы орынға тұрақтауға мүмкіндік алды. «Барыс» 39 ұпаймен Шығыста оныншы, плей-оффқа шығу үшін күресті жалғастыруда.
Келесі матчында «Барыс» 24 қаңтарда сырт айдында камалық «Нефтехимик» командасына қарсы ойнайды.