"Барыс" Скабелкаға жаңа келісімшарт ұсынды

Сурет: "Барыс" ХК
"Барыс" ХК команданың бас бапкері Андрей Скабелкаға жақсартылған келісімшарт ұсынды, - деп хабарлайды Bestnews.kz клуб президенті Борис Иванищевке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, келісімшартта көбірек еңбекақы көрсетілген және екі жылға ұсынылған. "Жақсартылған келісімшарт ұсындық", - дейді Иванищев. 

Мұның алдында, Скабелка тек "Барысты" жаттықтырып, Қазақстан құрамасын қоса алып жүргісі келмейтінін айтып, шартын айтқан. Дегенмен клуб президенті ұсынған жаңа келісімшартта құраманы да алып жүру пункті алынбаған екен.