"Барыс" сапында өнер көрсететін ресейлік қорғаушы Михаил Григорьевтің жалақысы қанша екені айтылды, деп жазады Шайба.kz порталы.
5 шілде күні елордалық клуб 31 жастағы қорғаушымен 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімшарт жасаған болатын.
Дереккөзің ақпараты бойынша, оның жалақысы - 95,5 миллион теңге (200 мың доллар) болады.
Еске салайық, Григорьев 2012-13 жылғы маусымда "Барыс" сапында ойнады. Содан кейін қорғаушы ҚХЛ-да "Авангард", "Спартак" және "Динамо" секілді командалардың намысын қорғады. Өткен маусымды ол магнитагорскінің "Метталург" командасы сапында өткізіп, Гагарин кубогінің финалына дейін жетті.