"Барыс" сапынан кеткен Джесси Блэкер Қазақстан құрамасына қосылды

Джесси Блэкер. Сурет: Vesti.kz©

Қорғаушы Джесси Блэкер Ригада (Латвия) хоккейден Қазақстан құрамасына қатарына қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Канадалық ойыншы топ-дивизиондағы әлем чемпионатында өнер көрсетуге дайындалып жатқан командамен бірге жаттығу жұмыстарына кірісіп те кетті. 

Естеріңізге сала кетейік, "Барыс" командасында үш жыл ойнап, Екатеринбургтің "Автомобилистіне" ауысқаны туралы ақпарат шыққан болатын. Ол осылайша Нұр-Сұлтандағы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп алды.

2021 жылғы Әлем чемпионаты Ригада 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Қазақстан В тобында Канада, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия және Финляндия құрамаларына қарсы ойнайды. Биыл осал командалар жоғарғы дивизионнан шықпайды, сондықтан ойын нәтижесіне қарамастан, құрама элита қатарында қалады.