"Барыс" сапына канадалық қорғаушы қосылды

©vk.com/wall-142557994_382314

"Барыс" хоккей клубы Джесси Грэмді қатарға қосты. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді.

Канадалық қорғаушы (2023 жылдың 30 сәуіріне дейін) елордалықтармен бір жылдық келісімшарт жасасты.

Қорғаушы 2019 жылға дейін Солтүстік Американың бірқатар командаларында ойнаған. 2012 жылы "Нью-Йорк Айлендерс" командасының намысын қорғады. Жалпы АХЛ лигасында Джесси 2015 матчта 88 (19+69) ұпай жинаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport