"Барыс" сапына жаңа ойыншы қосылды

©"Барыс" ХК

"Барыс" хоккей клубы Михаил Григорьевпен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Қорғаушымен біржақты келісім бір маусымға жасалған (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Қорғаныс шебінің тәжірибелі ойыншысы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс –2012-13 жылғы маусымда Михаил "Барыс" сапында өнер көрсеткен. ҚХЛ-дағы мансабында Григорьев "Авангардта", "Спартакта", "Динамода" және басқа да командаларда ойнады. Өткен маусымды хоккейші Магнитогорск "Металлургінде" өткізіп, Гагарин Кубогының финалына дейін жетті. 24 матчта (плей-оффтағы 5 ойында қоса алғанда) ол екі нәтижелі пас берді.

Михаил Григорьев

Туған күні: 01.02.1991.

Бойы: 176 см.

Салмағы: 82 кг

Сырғытпатаяқты ұстау: оң жақ.

"Салават Юлаев" сапында 2011 жылғы Гагарин Кубогының иегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
26 қыркүйек, 14:44
Хоккей
“Барысқа“ жаңа бапкер келді