"Барыс" сапына "Авангард" ойыншысын қосты

Сурет: "Авангард" ХК

"Барыс" хоккей клубы қорғаушы Максим Минеевпен келісімшарт жасасқанын ресми хабарлады. 

Сынау үшін жасалған келісім 2021 жылдың 31 тамызына дейін есептелген.

ҚХЛ деңгейіндегі 24 жастағы хоккейші бұрын "Авангард", "Северсталь", мәскеулік "Динамо" және "Торпедо" сапында ойнаған.

Өткен маусымды Минеев "Сочиде" бастап, 17 матчте екі (1+1) балл жинады. Ал маусымның екінші бөлігін ЖХЛ-дегі "Ижсталь" сапында өткізді.