"Барыс" ресейлік қорғаушыны қатарына қосты

©hcbarys.kz

Елордалық "Барыс" командасы Иван Мищенкомен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

27 жастағы ресейлік қорғаушымен бір жақты келісімшарт екі жылға, яғни 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды. 

Соңғы екі маусымды Мищенко "Сочи" командасында өткізді. Ал "Барысқа" ауысарға дейін қорғаушы СКА сапында болды. Ол жалпы ҚХЛ-де 230 ойын өткізіп, 54 (14+37) ұпай жинаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport