"Барыс" ресейлік командадан жауапсыз бес шайба өткізіп алды

©"Барыс" ХК

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы матчінде ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өткен ойында Андрей Скабелка жаттықтыратын команда өз айдынында магнитогорскілік "Металлургтен" 0:5 есебімен ұтылды. Төрт шайба бірінші кезеңде-ақ салынғанын айта кетейік. 

Бұл матчте Ресей азаматтығын алған Қазақстан жастар құрамасының бұрнығы ойыншысы Семен Кошелев дубль жасады. 

21 матчте 31 ұпай жинаған "Металлург" Шығыс конференциясында бірінші орынға мықтап бекіді. "Барыс" төртінші орында қалды - 23 балл.

Келесі кездесуді қазақстандық клуб 23 қазан "Нефтехимикке" қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport