Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы ресейлік Андрей Назаровты бас бапкер ретінде қарастырып отырған жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости.
Клубты қазір жаттықтырп жатқан белоруссиялық Андрей Скабелка келісімшартты ұзартуға келіспеді. Екі маусымда ол команданы Чернышев дивизонында екі рет жеңіске және Гагарин Кубогының екінші раундына дейін жеткізді.
Назаров та "Барыс" пен Қазақстан құрамасын 2014/15 пен 2015/16 маусымдарында жаттықтырған. Маман жетекшілік еткен кейінгі команда "Нефтехимик", бұл командадан ол 2018 жылы желтоқсанда кеткен.
Мұның алдында ресейлік "Чемпионат" порталы Назаровты "Барыста" Скабелканың орнын басатын басты үміткер деп атаған.