"Барыс" Ресейде өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

©"Барыс" ХК

"Барыс" хоккей командасы "Челябі облысы Губернаторының кубогін" жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл турнирдің бірінші ойынында елордалық команда "Автомобилистпен" кездесті. Матчтың бірінші кезеңінде "Барыс" Никита Михайлистің соққан шайбасының арқасында алға шықты. Екатеринбургтық команда ойынның үшінші кезеңінде таразы басын теңестірді. 50-минутта Брукс Мэйсек көзге түскен. Бірақ, 52-минутта Михайлис дубль авторы атанып, "Барысқа" жеңісті жұлып алып берді. 

Айта кетейік, бұл командалар осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Президент кубогінде кездескен еді. Ол ойында қосымша уақытта 4:3 есебімен ресейлік команда жеңіске жеткен. 

Енді Челябідеді турнирде "Барыс" жергілікті "Трактор" және Металлург" командаларымен кездеседі. Бұл ойындар 25 және 27 тамызда өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport