"Барыс" плей-офф раундының алдында "Спартакты" ірі есеппен ұтты

©hcbarys

Елорданың "Барыс" командасы Гагарин Кубогінің алдында Мәскеудің "Спартагымен" өткізген жолдастық ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алғашқы 14 минуттың қорытындысы бойынша "Барыс" 4:1 есебімен жеңіске жетіп жатты. Егор Петухов (5, 8 минут) дубль авторы атанса, Кертис Волк (10) пен Якоб Берглунд (14) бір-бір голдан салды.

Кездесудің екінші кезеңінде Кирил Савицкий (25-минут) және Әлихан Әсетовтер (32) шайба соқты. Ал үшінші айналымда Волк (50) тағы да көзге түсті. Ресейліктер сапында Эмиль Петтерсон (12-минут) мен Дмитрий Вишневский (32) гол салды.

Еске салайық, биылғы маусым барысында елордалықтар "Спартакпен" екі рет кездесіп, екеуінде (1:4, 2:5) де есе жіберген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport