"Барыс" маусым алдындағы алғашқы ойында ресейлік команданы ұтты

©"Барыс" ХК

Астананың "Барыс" хоккей клубы "Блинов кубогы" жарысын жеңіспен бастады. Маусым алдындағы алғашқы ойында Ярославльдың "Локомотив" клубын ұтты. 

Ойында бірінші болып "Локомотив" хоккейшілері есеп ашты. 4-минутта Александр Волков командасын алға шығарды. Араға бірер минут сала Эмиль Нұрғалиев таразы басын теңестірді. 54-минутта Давид Скленичка "Барысқа" жеңіс сыйлаған шайбаны соқты. 

Бастапқыда "Барыс" "Блинов кубогы" турнирінде "Салават Юлаевпен" ойнауы керек болған. Кейіннен бұл өтпейтін болды. Алда Андрей Скабелка шәкірттері 23 тамыз күні "Авангардпен", 25 тамызда "Нефтехимикпен" кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport