"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында түздегі ойындарға қатысатын хоккейшілердің тізімін жариялады

©"Барыс" ХК

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында кезекті сырт мұзайдындағы ойындар сериясына аттанды, деп хабарлайды клубтың сайты. 

13 қазан күні елордалық ұжым "Авангардпен", 15 қазан, "Куньлунь" командасы қарсы, 17 қазан күні Юрий Михайлистің тәлімгерлері СКА командасымен кездесу өткізеді. Бұл сериядағы соңғы ойын 19 қазан күні "Динамо" командасына қарсы болады. 

Сырт алаңдағы ойындарға қатысатын "Барыстың" құрамы: 

Қақпашылар: Никита Бояркин, Йони Ортио, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Олле Альсинг, Бекетаев Әділ, Самат Данияр, Даррен Диц, Эрик Мартинссон, Валерий Орехов, Роман Савченко, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Якоб Берглунд, Кёртис Волк, Дмитрий Гурков, Алексей Зубов, Коди Куник, Дінмұхамед Қайыржан, Якоб Лилья, Никита Михайлис, Максим Мусоров, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Мэттью Фрэттин, Аркадий Шестаков.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: