"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында "Металлургтен" ұтылды
"Барыс" хоккей командасы Құрылқтық хоккей лигасында "Металлургпен" кездесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Барыс" хоккей командасы Құрылқтық хоккей лигасында "Металлургпен" кездесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Магнитогорск қаласында өткен кездесу 4:3 есебімен аяқталды. Матч барысында "Барыс" екі шайбамен алда тұрған. Алайда бұл басымдықты ұстап тұра алмады.
Ойынның алтыншы минутында Никита Михайлистің пасынан кейін Кертис Волк есепті ашты. Ал 24-минутта Мэтт Фрэттин есепті еселеді. Оған нәтижелі пасты Максим Мусоров пен Коди Куник берді.
Осы шайба соғылғаннан соң Якоб Берглунд алаңнан қуылды. Сан басымдығын "Металлург" ойыншылары сәтті пайдаланып, Никита Коростелев есеп айырмасын қысқартты.
28-минутта Куник "Барыс" сапынағы бірінші шайбасын соғып, қазақстандық клуб 3:1 есебімен алға шыққан. Дегенмен командамыз басымдықты ұстай алмады.
Екінші кезеңнің соңғы секундында Андрей Чибисов тағы есеп айырмасын қысқартты. Үшінші кезеңнің 44-минутында Артем Земченов таразы басын теңестірді. 51-минутта Брендан Лейпсий "Металлург" командасының жеңісті шайбасын салды.
Бұл ойыннан кейін магнитогорскілік команда ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында көш басында қалды. "Барыс" болса жетінші сатыда. Енді Юрий Михайлистің шәкірттері келесі кездесуін 1 қазан күні Мәскеу қаласында "Динамоға" қарсы өткізеді.
Жарнама