"Барыс" құрамын тағы екі хоккейшімен толықтырды

Мадияр Ибрайбеков. Сурет "Барыс" сайтынан алынды.
Қорғаушы Мадияр Ибрайбеков пен шабуылшы Дмитрий Преснов карьерасын "Барыста" жалғастырады,- деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Екі хоккейші де бір жылдық келісімшарт жасаған. 

Ибрайбеков өткен маусымды "Номад" командасында өткізіп, капитан болған еді. Ол Жоғарғы хоккей лигасында 51 кездесу өткізіп, тоғыз ұпай жинады. "Барыстың" қатарында ол 2011 жылдан жүр. 

Преснов болса "Барыс" жүйесінде 2013 жылдан бері ойнап келеді. Ол өткен маусымның басым бөлігін жарақатына байланысты өткізіп алуына тура келді. ЖХЛ ойындарында "Номад" сапында сегіз ойында айдынға шыққанымен, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер көрсете алған жоқ.  


Метки: