"Барыс" көз тіккен қақпашы ары қарай қай клубта өнер көрсететіні туралы шешім шығарды
https://www.instagram.com/shut43keep/
Қақпашы Андрей Шутов "Барыс" сапына өтпейді және "Торпедо" құрамында қала береді. Ойыншы өскемендік клубпен келісімшартын бір жылға ұзартты деп хабарлайды "Шайба.kz".
Қақпашы Андрей Шутов "Барыс" сапына өтпейді және "Торпедо" құрамында қала береді. Ойыншы өскемендік клубпен келісімшартын бір жылға ұзартты деп хабарлайды "Шайба.kz".
Бірнеше уақыт бұрын комментатор Александр Олейник хоккейші астаналық клуб сапына Хенрик Карлссонның орнына келуі бек мүмкін деген еді.
Өткен маусымда 23 жастағы қақпашы Қазақстан чемпионатында 22 ойын өткізді. Сондай-ақ оның қоржынында төрт плей-офф матчы бар. Ригада өткен әлем чемпионатында ол Қазақстан қақпасын Канадаға қарсы ойында қорғап, жақсы сэйвтарымен көзге түскен болатын.
Жарнама