"Барыс" қос бірдей ойыншысымен қош айтысты

Сурет: "Барыс" ХК

"Барыс" хоккей командасының қорғаушысы Леонид Метальников пен қақпашы Хенрик Карлссон мансаптарын өзге клубтарда жалғасытратын болды, хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Барыс" спортшыларға клубта өткізген уақыттарына алғыс айтып, жаңа орында оларға табыс тілейді.