Астаналық "Барыстың" бапкерлер штабы 2018 жылдың қорытынды ойындарына баратын ойыншылар тізімін жаңартты. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланған.
алдағы сапарда команда екі ойын өткізеді:
28 желтоқсан (жұма), Челябинск. "Трактор" – "Барыс", 20:00.
30 желтоқсан (жексенбі), Балашиха. "Авангард" – "Барыс", 20:30.
Матчтердің басталуы Астана уақытытмен. Qazsport арнасы ойындарды тікелей эфирден көрсетеді.
Делегация құрамына кіретін ойыншылар тізімі.
Қақпашылар: Доминик Граховина, Хенрик Карлссон, Вилен Прокофьев.
Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Кевин Даллмэн, Даррен Диц, Алексей Маклюков, Кирилл Полохов, Виктор Сведберг, Максим Семенов, Егор Шалапов.
Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дастин Бойд, Брэндон Боченски, Кертис Волк, Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков, Патрис Кормье, Никита Михайлис, Андрэ Петерссон, Егор Петухов, Антон Сағадеев, Роман Старченко, Фрэттин Мэттью, Дмитрий Шевченко.